QOR.KZ - ҚЫСҚА, ШАҒЫН, НОН-ФИКШН КІТАПТАР ҚОРЫ.
  • QOR.KZ
    • АВТОРЛАР
  • ЖОБА ТУРАЛЫ
    • БАЙЛАНЫС
  • Терминдер
    • Нон-фикшн
    • Саммари
    • Бестселлер
    • Тyйін
  • Тyйін
Фотография
     Қысқаша өмірбаян
 Менің аты-жөнім Алимова (Досымхан) Мадина Досымханқызы. 1992 жылдың 15  маусымында киелі Маңғыстау өңірінде, 362 әулие қолдап дүниеге келдім. Балалық шағым Өскемен қаласында өтті. Өскемен қаласындағы № 3 көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясын бітірдім. Алтын белгі иегері, тарих пәнінен олимпиядалардың жеңімпазы боламын. Мектепті сәтті аяқтағаннан кейін, білім грантын иеленіп,  ҚБТУ-де менеджмент мамандығы бойынша білім алдым. Мектеп табалдырығынан бастап, қоғамдық жұмыстарға деген қызығушылығым ұшаң-теңіз еді. Университет оқып жүрген кездері де, осындай іс-шараларға белсене араластым. Жоғарғы оқу орнын тәмәмданған соң, “KEGOC” АҚ-ның Алматы филиалында өз  қызметімді бастадым. Тәжірибе жинақтаған соң, қызметімді ауыстырып, “ZHERSU” инвестициялық-өндірістік корпорациясында бизнесті жетілдіру бөлімінің жетекші  маман қызметін атқардым. Қазіргі кезде жеке кәсіпкерлікпен айналысамын. Тұрмыс құрдым. Менің өмірлік ұстанымым: “Өзіңе сең, өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегін екі жақтап” деген Абай атамыздың өлеңіндегі дана сөзі.  Адамгершілік пен адалдықты өте қатты бағалаймын. Бос уақытымды жан-жақты өткізуге тырысамын. Адамның жеке өсуі жайлы кітаптарды оқығанды ұнатамын. Ән айтқанды жаным сүйеді. Спортқа деген қызығушылым да бар. Үлкен теннисті ойнағанды ұнатамын. 

QOR.KZ
Барлық материалдар ҚР заңы негізінде қорғалған. 
Qor.kz
​2016-2020
  • QOR.KZ
    • АВТОРЛАР
  • ЖОБА ТУРАЛЫ
    • БАЙЛАНЫС
  • Терминдер
    • Нон-фикшн
    • Саммари
    • Бестселлер
    • Тyйін
  • Тyйін