QOR.KZ - ҚЫСҚА, ШАҒЫН, НОН-ФИКШН КІТАПТАР ҚОРЫ.
  • QOR.KZ
    • АВТОРЛАР
  • ЖОБА ТУРАЛЫ
    • БАЙЛАНЫС
  • Терминдер
    • Нон-фикшн
    • Саммари
    • Бестселлер
    • Тyйін
  • Тyйін
Саммари дегеніміз не? Неліктен оларды оқу адамдарға ұнамды?
Фотография

Өмірді кейінге қалдыруды қалай тоқтатуға болады? Қалайша күйзеліске төзімді болу керек? Манипуляцияларға және эмоционалды шантажға қалай қарсы тұру керек? Табысқа қалай жетуге болады? Ұялшақтықты қалай жеңуге болады? Осы және тағы да басқа сұрақтарға жауаптарды нон-фикшн жанрындағы кітаптардан табуға болады, яғни психология, бизнес, өзін-өзін дамыту, жеке тиімділік, денсаулық, ғылым және басқа да оқырмандардың ой өрісін кеңейтетін, кәсіби өсуге септігін тигізе алатын кітаптардан алынатын ең қажетті, негізгі ақпарат.  Осы кітаптардың идеялары өмірді жетілдіруге бағытталған. 

Бірақ қазіргі заманауи және белсенді адамда кітап оқумен байланысты бірнеше мәселелер туындайды: 


  • Барлық қызықтыратын кітаптарды оқуға УАҚЫТТЫ қайдан табуға болады?
  • Назар аударуға лайықты кітаптарды қателеспей қалай таңдауға болады? 
  • Мына нақты кітап менің уақытымды (орташа 5 сағат) және/немесе ақшамды алуға тұрарлық болады ма?

Өмірді жақсылыққа әкеле алатын көптеген пайдалы және жақсы кітаптар бар, бірақ оларды оқуға уақытты қалай табуға болады?  Әрине, интернеттен қызықтыратын ақпаратты табуға болады, алайда сіз ғаламтордың жауаптарына жиі қанағат боласыз ба? Ғаламтордағы мақалалардың сапасы жиі төмен деңгейде болады, ал мақалаларды кез келген адам жария ете алады. Тым жиі біз зиянды кеңес алып, керек емес ақпаратпен бас қатырамыз. 

Көпті кітап сатып алудан ақшамен байланысты мәселе тоқтатуда. Кітаптар арзан емес, көптеген пираттық сервистер заңның өзгеруімен байланысты жабылуда, ал қалғандары пайдаланушылардың компьютерлерін зиянды бағдарламалармен және беймаза жарнамалармен шабуылдауда. 

Нон-фикшн жанрында кітаптарды оқумен тағы бір мәселе туындайды. Ол тітіркендіретін қайта-қайта бір идеяның қайталануы, "су" және бізге жақын емес мысалдар. Кейбір кітаптарды оқу барысында мынандай сұрақтар туады - автор не айтқысы келіп отыр және неліктен ол соншама баяу? Ондай кітаптарды уақ електен өткізіп, дәндерді қабықшалардан бөліп алғын келеді.  

Сондықтан соңғы кездері шетелде саммари үлкен сұранысқа ие - нон-фикшн жанрындағы кітаптардың негізгі идеяларына қысқа шолу, әдетте олар 10-20 беттен құралған, оқуға 10-20 минут кетеді. 

Саммари оқырмандарға бірден бірнеше проблемаларды шешуге көмектеседі: 


  • қазақ тіліндегі бизнес әдебиетінің тапшылығы, тіпті жоқтығы. 
  • олар оқырмандарға ой-өрісін кеңейтіп, бірден бірнеше салалардан дамуға және кітаптардың идеяларын және концепцияларын білуге мүмкіндік береді (психологиядан бастап ғылыми жаңалыққа дейін). 
  • олар уақыт үнемдейді — саммариді 10-20 минутта оқып алуға болады;
  • олар кітапсүйгіштердің ақшасын үнемдейді — бір жылдық жазылымның (подписка) бағасы 7 кітаптың құнымен тең, бірақ ол уақытта сіз 100 ден астам саммари оқи аласыз;  
  • олар шын мәнінде қай кітап сіздің кітапханаңызда болуға лайықты екендігін және саналы түрде таңдау жасауға көмектеседі;
  • олар бүгінге оқылған кітаптардың ең пайдалы идеяларын қайта еске алуға көмектеседі; 
  • олар әрдайым қолжетімді, себебі барлық белгілі электронды форматтарда ұсынылған; 

Саммари — бұл біреудің еріккен болжал ойлары емес, ол өз саласын терең білетін, өздері өмірде бағындырған белестері жайлы жазатын авторлардың кітаптарынан жоғары сапалы ақпарат. 

Төменде біз саммари жайлы жиі қойылатын сұрақтарға жауап бергіміз келеді: 

Саммари кітаптарды алмастырады ма?
Иә да, жоқ та. Иә, өйткені саммари оқып алып сіз ол сізге жеткілікті екенін түсіне аласыз. Ондай жағдайда саммари сізді қажетсіз шығындардан (кітапты сатып алудан) қорғайды. Басқа жағынан қарасақ, сіз қызықты саммари оқып, оның толық нұсқасын оқуға қызығушылығыңыз пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайда саммари сіздің кітапханаңызға саналы түрде таңдалған толықформатты кітаптың пайда болуына негіз бола алады.  

Саммари авторлық құқықтарды бұзады ма?
Жоқ, саммариде тек негізгі идеялар және концепциядар (тұжырымдамалар) баяндалады, бұл дербес творчестволық өнім. Тіпті саммари авторлардың идяларын таратып насихаттауға жағдай жасайды, себебі егер саммари сізге ұнап қалса, онда сіздің ол кітапты сатып алу ықтималдылығы жоғарылай түседі.

Саммари қандай форматтарда ұсынылады?
Барлық ең белгілі электронды текстік форматтарда (ePub, mobi, PDF). Плюс бірден сайтта оқуға болады.

Біздің ойымызша саммари - бұл әрқашан психология, бизнес, даму, ғылым салаларының кітаптарынан қызықты идеялар жайлы хабардар болу және жеке тиімділіктің ең пайдалы құралы. Сондай-ақ бұл қазақ тілінде бұрын соңды болмаған ағартушылық жобаларының бірі.
QOR.KZ
Барлық материалдар ҚР заңы негізінде қорғалған. 
Qor.kz
​2016-2020
  • QOR.KZ
    • АВТОРЛАР
  • ЖОБА ТУРАЛЫ
    • БАЙЛАНЫС
  • Терминдер
    • Нон-фикшн
    • Саммари
    • Бестселлер
    • Тyйін
  • Тyйін