Роберт Чалдини (24 сәуір 1945) - американдық психолог, «Әсер ету психологиясы» кітабын жазып әйгілі болған.
Висконсин және Солтүстік Каролина университеттерінде оқыды. Колумбия университетінің аспирантурасында оқыды. Ғылыми мансабында Аризона университетінде жұмыс істеді. Шақырылған профессор және зерттеуші ретінде Огайо штатының университетінде, Сан-Диего Калифорния университеті, Санта Круз Калифорния университетінде, Оңтүстік Калифорния университетінде, Стэнфорд университетінде болды. 1996 жылы Чалдини "Тұлға психологиясы және әлеуметтік психологиясы" Қоғамының президенті болды. Әлеуметтік психология, тұтынушылық психология, педагогикалық психология салаларында әр түрлі марапаттарға ие. 2009 жылы ол өзінің ғылыми қызметін тоқтатты.

Әсер ету психологиясы
Автор: Роберт Чалдини Жанры: #Психология #Бизнес Негізгі идея: Манипуляторлардың ілмегіне түспеу үшін олардың техникаларын білу қажет. Негізгі ойлар: Кішкене болса да бізге ұқсас адамдардың іс-әрекеттері бізді де қайталауға мәжбүр етеді. Жарнаманы еске алыңыз, онда олар «қарапайым жолаушылармен» сұхбат жүргізеді. Шектеулі ақпарат немесе өнімнің жетіспеушілігі бізді дәл мұнда және дәл қазір сатып алуға мәжбірлетеді. Бірақ шын мәнінде «соңғы өнім» әрдайым соңғы болып табылмайды. Егер бізге біреу тегін қызмет көрсетіп немесе сыйлық жасаған болса, біздің бұл адамның алдында жүктелген міндет сезімі пайда болады. Кейде біз алғаннан гөрі көп беруге дайынбыз. Адамдарды биліктің тек бір символы ғана басуы мүмкін. Егер алдымызда профессор, бас дәрігер, олимпиада чемпионы немесе бас атқарушы директоры тұрса, біз оларға үлкен құрметпен қарай бастаймыз. ТІпті біз олардың өтінішін орындауға әлдеқайда бейім тұрамыз. |