
Робин Шарма – канадалық жазушы, Солтүстік Америкадағы мотивация, көшбасшылық, жеке бастың дамуы жөніндегі ең әйгілі маман.
Оның ең әйгілі кітабі "Өз Ферарисін сатқан монах", астарлы әңгіме (притча) түрінде жазылған және көптеген елде жарық көрген. Ол кітапта рухани күйзеліске ұшыраған бай адвокаттың Джулиан Мэнтлдың ғажап өмірі жайлы айтылады. Бірақ ежелгі мәдениетке шолу оның өмірін түпкілікті өзгертіп, ол өзі үшін жаңа әлемді ашады да тап осы сәтте өмір сүруді, уақытты үнемдеуді, позитивті ойлауды және өзінің ықыласына бой ұруды үйренген.
Кітап 18 елде жарияланып, 15-тен астам тілге аударылған еді.
Оның ең әйгілі кітабі "Өз Ферарисін сатқан монах", астарлы әңгіме (притча) түрінде жазылған және көптеген елде жарық көрген. Ол кітапта рухани күйзеліске ұшыраған бай адвокаттың Джулиан Мэнтлдың ғажап өмірі жайлы айтылады. Бірақ ежелгі мәдениетке шолу оның өмірін түпкілікті өзгертіп, ол өзі үшін жаңа әлемді ашады да тап осы сәтте өмір сүруді, уақытты үнемдеуді, позитивті ойлауды және өзінің ықыласына бой ұруды үйренген.
Кітап 18 елде жарияланып, 15-тен астам тілге аударылған еді.
Робин Шарма: ӨМІРДІҢ 200 САБАҒЫ
1. Аз ұйықтаңыз. Бұл өміріңізді одан бетер толық және өнімді етеді. Көпшілік адамдарға 6 сағаттық ұйқы жетеді. 21 күн ішінде бір сағатқа ерте тұруға тырысыңыз, ақыры бұл әдетке айналады. Есіңізде болсын: ұйқының сағаты емес, сапасы маңызды. 2. Таңертең бір сағатыңызды жеке бас дамуына бөліңіз. Бүгінгі күніңізді көзге елестетіңіз, шабыттандыратын мәтіндерді, мотивациялық жазбаларды немесе ұлы кітаптарды оқыңыз. Әрбір тыныш уақытты барынша тиімді пайдаланып, бүгінгі қарбалас кезеңге дайындалыңыз. Аптасына бір рет күннің шығуын немесе батуын бақылаңыз, таза ауада серуендеңіз. 3. Майда-шүйде емес, маңызды нәрселерге көңіл бөліңіз. Өзіңізден мынаны сұраңыз:«Мен өз уақытымды және қайраттылығымды барынша тиімді пайдаланып жүрмін бе?»Уақытты басқару – өмірді басқару, сондықтан өзіңіздің уақытыңыздың тиімсіз жұмсалуына немқұрайлы қарамаңыз. 4. Ойыңызды өмірдің тек жақсы элементтерін жию үшін резеңке бауы атты әдісті қолданыңыз. Білегіңізге резеңке бауын тағып алыңыз. Басыңызға жаман ойлар келгенде, қолыңыздағы резеңкенң тартып қалыңыз. Сіздің миыңыз жаман ойды ауыртпалық ретінде қабылдап, жақын арада ойдың жақсы қоймасы қалыптасады. 5. Әрқашан телефон қоңырауына ерекше ынтамен жауап беріп, сол арқылы қоңырау шалушыға құрмет көрсете аласыз. Телефонда жақсы жауап беру өте маңызды. 6. Күні бойы біздің ойымызды жақсы идеялар мен шабыттар аралайды. Өзіңіздің ойларыңызды жазып қою үшін, әмияныңызға карточкалар және қалам салып қоюды ұмытпаңыз. Үйге келгенде, осы карточкаларды көрінетін жерге қойып, қарап шығыңыз. Оливер Уэнделл Холмс айтқандай: «жаңа идеялар кезінде үлкейген адамның ақылы ешқашан бұрынғы көлеміне оралмайды». 7. Жексенбілік кешті өзіңізге арнаңыз және бұл әдетті қатаң ұстаныңыз. Осы уақытты келер аптаны жоспарлау, күтілетін кездесулерді елестету, осы кездесулерде не мақсатқа жеткіңіз келетінін ойлану, жаңа мәліметтер мен кітаптарды оқу, баяу музыканы тыңдап, тынығу үшін арнаңыз. Бұл уақыт келесі аптада жинақы, мотивацияланған және тиімді болуыңызға көмегін тигізеді. 8. Мына қағиданы есте сақтаңыз: өміріңіздің сапасы – бұл қарым-қатынасыңыздың сапасы. Ол деген достарыңызбен, ең бастысы өзіңізбен қарым-қатынас. Егер сіз пайдалы нәрселер іздесеңіз, онда оған жетесіз. Бұл табиғаттың заңдылығы. 9. Нәтижеге емес, мақсатқа назар аударыңыз. Кез-келген істі ұнағаны, біреуге көмек беретіні үшін істеңіз. Ақша, бедел үшін емес. Олар өздері-ақ келеді. 10. Күнде айнаның алдында 5 минут күліңіз. Осылай Стив Мартин істейтін. Күлкі мүшеңіздегі көптеген пайдалы элементтерді іске қосады. Сонымен қатар күлкі ағзаға теңгерімділік қалпын қайтарады. Күлкітерапия көптеген дерттерді емдеп, өмірлік проблемалардан құтқарады. Төрт жастағы бала күніне шамамен 400 рет күлсе, ересек адам 15 рет қана күледі екен. 11. Кешкісін кітап оқығанда, шырақ жағып қойыңыз. Бұл денені босаңсытып, керемет атмосфера қалыптастырады. Үйіңізді әлемнен ажыраған оазиске айналдырыңыз. Оны жақсы достармен, кітаптармен, музыкамен толтырыңыз. 12. Концентрацияңызды жақсарту үшін қадамдарыңызды санаңыз. Бұл өте тиімді әдіс. Кіре берісте 6 қадам жасап, келесі алтауына дейін дем алмаңыз. Келесі алты қадамда дем алыңыз. Осы жаттығудан кейін өзіңізді жақсы, жинақы сезінесіз. 13. Тиімді медитациялауды үйреніңіз. Ақыл табиғатынан бір тақырыптан екіншісіне ауыса беретін дулы машина. Бір нәрсеге жеткіңіз келсе, өз ақылыңызды тәртіпке салу керек. Таңертең және кешке 20 минуттан медитация жүргізіңіз, нәтижесі таңғажайып болмақ. 14. Байсалды болыңыз. Адам, орташа есеппен, айына 30 минуттан кем тыныштықта болады екен. Күніне 10 минут тыныш отырып, одан ләззат алуды бастаңыз. Жай ғана сізге өміріңізде не нәрсе маңызды екенін ойлап отырыңыз. Үнсіздік алтынмен тең. 15. Өзін-өзі билеушілік қасиетін дамытыңыз. Сіздің ақылыңыз бұлшық ет сияқты, мықтырақ болу үшін алдымен оны жаттықтырып, кейін алдыға итересіз. Қарныңыз ашып тұрса, тамақтануға дейін тағы бір сағат шыдаңыз. Егер есеппен басыңыз қатып, ақылыңыз жаңа бір журналды оқығысы келсе, оны ауыздықтаңыз. Кейіннен сіз сағаттап берілген шаруаға назар сала аласыз. Аз сөйлеп, көп тыңдау арқылы да өз-өзіңізді билейтін қасиетке ие бола аласыз. Өсек айтуды қойып, өмірге тек қуанышпен қараңыз. 16. Күні бойы көтеріңкі көңіл-күйді сақтаңыз. Бұл пайдалы ғана емес, керемет атмосфераны қалыптастырады. 17. Уақытыңызды басқарып үйреніңіз. Бір аптада 168 сағат бар. Алға қойылған асқақ мақсаттарыңызға жету үшін жеткілікті. Өз уақытыңызды жүйелі үлестіріңіз. Күнді жоспарлау үшін таңертең бірнеше минут жеткілікті. Маңызды істерді бірінші кезекке қою шарт. 18. Сіздің қайраттылығыңызды жаман көңіл-күймен, наразылық айтумен жұқартатын адамдардан сақтаныңыз, керісінше, бірдеңе үйрене алатын жинақы, жақсы адамдармен қарым-қатынаста болыңыз. Өмірде әр кез жетіліп, жақсы нәтижеге ұмтылатындармен сөйлесу арқылы алдыңызға қойған мақсаттарға жету барысында көптеген жолсерік таба аласыз. 19. Cіздер осы әлемде уақытша ғана өмір сүресіз. Онда өміріңізді жақсы тәжірибе қалдыру үшін жұмыс істеуге арнаған дұрыс қой? Неге өзіңізді әлемге жақсы мирас қалдыру үшін арнамасқа? Отырып, сізде бар нәрселер тізімін жасаңыздар. Отбасыңыздың денсаулығынан бастаңыз. Қай елде тұрып, қандай тамақ жейтініңізді жазыңыз. 50 пункт жазбағанша тоқтамаңыз. Аптасына бір рет бұл тізімге қараңыз, өзіңіздің қаншалықты бай екеніңізді көресіз. 20. Өмірде борышыңыз болу керек. Бұл қандай жолмен жүріп, өмірдің соңында қай жақта болғыңыз келетінін анықтайтын қағидалар жиынтығы. Өміріңізді басқаратын және ойыңызды жинақтайтын, айына бір рет 5-10 қағида жазу үшін бірнеше сағатыңызды бөліңіз. 21. Сіздің рұқсатыңызсыз сізді ешкім ренжітіп балағаттай алмайды. Табысқа жетуде алтын кілттерінің бірі – алдыңызда көлденең жататын жағдайды түсіндіре білуіңіз болып табылады. Табысқа жеткен адамдар келеңсіз жағдайларды жақсының бастамасы деп түсіне алады. Сәтсіздіктер болмайды, олардан алатын өмірлік сабақтар ғана болады. 22. Тез оқуды үйреніңіз. Оқу – көп жылдық тәжірибені бірнеше сағатта жинауға көмектесетін мықты құрал. Мысалы, көпшілік биографиялар атақты тұлғалар мен ұлы көшбасшылардың философиясын және стратегиясын көрсетеді. 23. Адамдардың аттарын есте сақтаңыз. Ынтагерлікпен бірге бұл әдет табыс кілті болып табылады. Бұл әлемде барлығы: «Мен өзімді маңызы бар және бағаланған адам ретінде сезінгім келеді» дейді. 24. Мәселе жақсылыққа келгенде гүл сияқты нәзік болыңыз. Ал жамандық кезінде, найзағай сияқты өткір болыңыз. 25. Сіздің отбасыңызға қатысы жоқ адамдармен денсаулық, қаржылық жағдай және басқа да мәселелерді талқыламаңыз. 26. Шынайы, жігерлі, қарапайым, жомарт болыңыз. 27. Күннің аяғында жылы ваннаны қабылдаңыз. Өзіңізді болмашы нәрселер үшін де марапаттаңыз. Ақыл, дене, рухтың қайтадан қалпына келуіне уақыт бөліңіз. Бұл маңызды мақсаттарды жүзеге асыруға және белсенділіктің жаңа деңгейіне көшуге қол ұшын береді. 28. Тыныс алуды басқаруды үйреніңіз – ол сіздің қайраттылығыңыздың бұлағымен тікелей байланысты. Ақыл тыныс алумен тығыз байланыста. Мысалы, ақылыңыз қозу үстінде болса, тыныс алуыңыз шапшаңдайды. Ал босаңсыған күйде болсаңыз, сіз терең, әрі тыныш дем аласыз. Дұрыс дем алу – дұрыс өмір сұру. 29. Өзін-өзі иландыруды мойындап таратыңыз. Бұл белсенді қызметтің таптырмайтын құралы. Мысалы, егер сіз ынтагерлігіңізді дамытқыңыз келсе, онда: «Менің бүгін құлшынысым көбірек, мен бұл қасиетті күннен-күнге жақсартудамын», - деп айтыңыз. Айтылған сөз ойыңызға үлкен әсер етеді. 30. Ойыңызды баяндау және қалай ілгері басатыныңызды анықтау үшін күнделік бастаңыз. Жетістіктерді ғана емес, мәселелеріңізді де жазу керек. 31. Стресс – бұл сіздің болып жатқан жағдайларға деген жауабыңыз. Бірдей жағдайлар адамдар арасында әр түрлі реакция шақырады. Мысалы, сахнаға шығу, кейбір адамдарды әбігерге салады, ал мықты ораторлар, бұны жақсы мүмкіндік ретінде пайдаланады. Қорыққан нәрселерді тиімді басқара алу жақсы нәтижеге алып келеді. 32. Стивен Ковидің «Жоғары дәрежелі адамдардың жеті дағдысы» деген кітапті оқыңыз. Одан ақылдың қайнар көзін және мінезіңізді жетілдіруге арналған кеңестер, адамдармен қарым-қатынасты жақсартуды табасыз. 33. Әрқашан аудиокассеталармен жұмыс істеңіз. Өзін-өзі жетілдіру тақырыбында көптеген бағдарламалар мен кітаптар таба аласыз. Ыдыс жуып жатып, жұмысқа барып келе жатып, банкте кезекте тұрғанда осы материалдарды тыңдаңыз. Кез-келген уақытты өнімді пайдалануға болады. 34. Екі аптада бір рет ауыз бекітіңіз. Осындай күндері жеміс шырындарын ішіп, жеміс-жидектерді ғана жеңіз. Сіз өзіңізді жеңіл сезініп, қайраттылықтың тасқынын сезесіз. Ауыз бекіту сіздің күш-жігеріңізді күшейтеді. 35. Күнде офиста плеер қойып, баяу өлеңдерді тыңдаңыз. Офисқа хош иістендіргіш заттары бар бөтелке қойып, суреттерді жапсырыңыз. Егер бір жаққа ұшатын болсаңыз, аэропорттағы кітапханаға кіруді ұмытпаңыз, онда өзін-өзі жетілдіруге арналған кітаптар өте көп болады. 36. «Адам қалай ойлайды» атты Джеймс Алленнің кітабін оқыңыздар. Бір рет емес, әр кез. Бұл кітап бақытты өмір сүруге арналған дана сөздерге толы. 37. Есіңізде болсын! Кешіре білу қабілеті –аз ғана адамдарға берілетін адамгершілік, ақыл тыныштығын сақтау үшін өте маңызды. Марк Твен айтқандай: «Кешірім – оны мыжып кеткен өкшеге хош иіс беретін шегіргүл». 38. Тостағанды босатыңыз. Толы тостағанға ештеңе сыймайды. Сол сияқты оқудың керегі жоқ деп ойлаған адам, тез қарайып, алдыға жылжи алмайды. Шынайы тұлғаның сипаты – болып жатқан нәрселерге үйрену мүмкіндігі ретінде қарау. Ұстаздың да ұстазы бар. 39. «Екі минуттық ақыл» шоғырлануды шығарудағы жақсы жаттығу. Жай ғана сағаттың екінші тіліне қараңыз, ештеңе ойламаңыз. 21 күннен соң ойыңыз бөлінбейтін болады. Табысқа жету үшін адам баласы өз ойының шоғырлануына көп уақыт бөліп, өмір бойы дамыту керек. 40. Сөз сөйлер алдында бір тостаған жылы су ішіңіз. Рональд Рейган дауысының тембрі жұмсақ болу үшін осы әдісті пайдаланған. Халық алдында сөз сөйлеу – игі мақсат. Өзіңізді осы мақсатқа арнаңыз. 41. Біреуді қарсы алған уақытта түзу және тік тұрыңыз. Әлсіз ақылдың анық нышаны – жыбыршу, ары-бері жүгірген көздер, үстірт демалу. 42. Мықты әрекет етіңіз – мықты адам боласыз. Ержүрек болып, өзгелерді өзіңіздің әрекетіңізбен шабыттандырыңыз. Бірақ әр кез ұқыпты болыңыз. 43. Әлем маған не істей алады деп емес, мен әлемге не істей аламын деп сұраңыз. Біреуге қызмет көрсетуді мақсат етіңіз. Бұл уақытты жұмсаудың ең игі ісі. Есте сақтаңыз! Бәрі айтылып, бәрі істелгенде, сіздің өміріңіздің сапасы басқа адамдарға көмек көрсеткендігіңізбен есептеледі. Сізді қоршағандарға бай мирас қалдырыңыз. 44. Аптасына бір рет таңсәріде тұрыңыз. Бұл күннің сиқырлы уақыты. Серуендеуге шығыңыз немесе Элла Фитцджеверальдтің ескі жазбаларын тыңдаңыз. Ұзақ уақыт ыстық душ қабылдаңыз, 100 рет жаттығу жасаңыз. Классикалық кітапты оқыңыз. Өзіңізді күш-қуатқа толы сезінесіз. 45. Ұстамды болыңыз. Өзіңіз туралы бәрін білуге мұрша бермеңіз. Құпиялықты жайып салмаңыз. 46. Сахнаға шығып сөз сөйлеу өнеріне машықтаныңыз. Тума спикерлер өте аз. Бір заңгер қатты кекештенетін, бірақ өзінің ержүректігі мен наным күші арқылы мықты ораторға айналды. 47. Мінез-құлықты тәрбиелеудегі мәселелермен және ұзақ мерзімді табыспен айналысатын мотивациялық спикерлерді іздеңіз. Әр ай сайын мотивациялық лекцияларға баруды өзіңіз әдетке айналдырыңыз, өйткені жеке бастың дамуы өте маңызды. 2 сағаттық семинарда адамдар жылдап жинайтын өнерді үйрене аласыз. Сіз уақыт жоқ деген сезімде болмау керексіз, ол өзіңіз үшін қажет. 48. Деннис Вулидің «Бақытты ашу» деген керемет кітабын оқыңыз. Бұл кітап сіздің өміріңізге бақыт пен денсаулыққа байланысты жаңа көзқарастарды алып келеді. 49. Зейін салуыңызды күшейту үшін кез-келген кітаптың абзацын оқыңыз. Сосын оны сөзбе-сөз жеткізіңіз. Осылай әр күн 5 минуттан айтып жаттығыңыз, нәтижесі таңқаларлық болады. 50. Көпшілікпен алдымен 5 км, кейін 10 км жүгіруге тырысып көріңіз. Неше жүздеген дені сау адамдармен қатар жүгіру мүмкіндігі желіктіреді. Әр кез өзіңіздің қабілетіңізді кеңейтіңіз – сонда өзіңіздің әлеуетіңізді айқара ашасыз. 51. Иіс – адамды релаксация кейпіне түсіретін қару болып табылады. Апельсин, қалампыр эссенция-майын сатып алыңыз. Оны ыдысқа құйып, бөлмеге қойып қойыңыз. 52. Кешкі астан кейін жарты сағат серуендеуді әдетке айналдырыңыз. Жүру – табиғат берген асыл сый. Жай ғана табиғаттың байлығына көз жүгіртіңіз. 53. Спортзалдағы ауыр заттарды көтере бастаңыз. Мықты адамдардың жаны да мықты. 19 немесе 93 жаста болсаңыз да, өз қалпыңызда қалып, өмірге құлшыныспен қараңыз. 54. Ешқашан жоғарыдағы адамдармен айтыспаңыз. Әйтпесе, аргументтен де көп нәрсе жоғалтасыз. 55. Егер мәселе іскер киімге келетін болса, күңгірт киімдер (қара, қара-көк) күшті, билікті көрсетеді. Сіздер президентті немесе премьер-министрді ашық түсті костюмде көрдіңіздер ме? 56. Байланысты нығайту үшін қолыңыздан жазылған хабарламаларды клиенттеріңізге және іскер әріптестеріңізге жіберіп отырыңыз. Ең құрығанда 4 айда бір рет оларға, қандай да бір бағалы нәрсе жіберуді ұмыттырмайтын жүйе ойлап табыңыз. 57. Бақытты өмірдің екі жолы – тепе-теңдік пен сабырлық. 58. Жасмин шайын ішіңіз. Ол әрі денсаулыққа пайдалы, әрі босаңсытады. Сонымен қатар ыстық қайнаған суға зімбірдің кесектерін салып, ішсеңіз де болады. Ол қайраттылық сыйлап, күніңізді қуатқа толы етеді. 59. Уақытты тиімді пайдалану, сізді икемді ететінін ұмытпағайсыз. Ол сіз не істеуге керек емес, не істегіңіз келетінін істеуге мүмкіндік береді. 60. Жеке тұлғаны дамытатын кітаптарды илану ретінде қабылдамаңыз. Оларды оқып, керек мағлұматты алыңыз. Кейбір адамдар кітаптағының барлығын істеу керек деп, қиындыққа тап болады. Әр кітаптан сізге қажетті ғана әдістерді қолданыңыздар. 61. Уақиға іздейтін адамға айналыңыз. Қайтадан жас бала болыңыз. Екі-үш айда бір рет қызық уақиғаларды жоспарлаңыз. Бұл сізге қүш-қуат береді, бірге барған адаммен жақсы қарым-қатынас орнатады, болашаққа көзқарасты қалыптастырады. 62. Уақытты табиғатта өткізіңіз. Табиғат сіздің сезімдеріңізге әсер етеді, жаңартулар алып келеді, сабырлылық қасиетін оятады. 63. Ақылмен тығыз байланыста болатын денеңізді де ұмытпаңыз. Оны жаттықтыру, қамқорлық көрсету арқылы ең бағалы ресурсты сыйлаңыз. 64. Ақылыңыздың тыныштығын бұзбау үшін мықты болыңыз. Бір атақты боксшы өте бақытсыз болатын. Одан неліктен олай деп сұрағанда, мен жаман ойларға рұқсат беріп қойдым деген екен. Қалауларыңызды шектеп, мақсатты адамға айналыңыз. 65. Ұйықтар алдындағы үш сағатта тамақтанбаңыз. Бұл асқазанның жақсы қортылуына және тыныш ұйқыға себеп болады. Күн сайын спортпен айналысуға және ұйықтар алдында босаңсуды ұмытпаңыз. Сізді мазалайтын нәрселерді ойламаңыз. 66. Абырой-беделіңізді қамқорлыққа алыңыз. Егер ол жақсы болса, биікке көтеріле аласыз. Егер оған дақ түссе, кетіру қиын. Сондықтан әр бір істі ойланып шешіңіз. 67. Өзіңізді дұрыс жолға салатын тәлімгерді табыңыз. Әлемдегі барлық қателіктер, біреу жасап қойған қателік болып саналады. Біреудің тәжірибесін неге қолданып көрмеске? Сіздің тәлімгеріңіз өте дана және сізден үлкен болу керек. 68. Әлсіз жақтарыңызды тізімге толтырыңыз. Шынымен өз-өзіне сенімді адам өзінің әлсіздіктерін жақсы біліп, оларды түзетуге тырысады. Басқа жағынан, жақсы қасиеттеріңізді танып, оны жайып салыңыз. 69. Ешқашан шағым айтпаңыз. Сізді ұнамды, мықты, қайратты, ынтагер адам ретінде білсін. Наразылығын айтып қоймайтын адам, арсыз болып келеді. Ондай адам басқаларын үркітіп, сирек табысқа жетеді. Психологиялық көзқарас бойынша барлық нәрсе алдымен ойда, сосын істе жүзеге асырылады. 70. Достарыңыздың әлсіздіктерін кешіріңіз. Егер сіз кемшіліктер іздесеңіз, міндетті түрде табасыз. Есейген адам болыңыз, ұсақ-түйек кемшілікті есепке алмай, адам бойынан жақсы қасиеттерді іздеңіз, ол барлығында болады. Кез-келген адамнан бірдеңе үйренуге болады. 71. Мейірімді, қамқор, сыпайы болыңыз. Білгір болыңыз және қай кезде ержүрек, қатал болу керектігін біліңіз. Ұсақ өсекті болдыртпаңыз, артыңызда қандай нәрсе болып жатқандығын көзден таса қылмаңыз, бұл көшбасшыға тән қасиет. 72. Өзіңіздің бедел-бейнеңізді құзырлы, мықты, тәртіпті, сабырлы тұлға етіп қалыптастырыңыз. Құпиялы болыңыз, шынайы ақылды адам барлық картаны жайып салмайды. Ешкімге өзіңіз, стратегияңыз, мақсатыңыз жайлы айтпаңыз. Аузыңыздан шыққан сөзге ие бола алмайсыз. Барлық шаруада жеңілдікті көрсете біліңіз, адамдар сізді тумасынан дарынды деп есептейтін болады. Өзіңіздің мінез-құлқыңызды жетілдіру үшін жұмыс істеп, өмірдегі биік қағидаларды мақсат етіңіз. 73.Жақын адамдардан басқаларынан өзіңізді алыс ұстаңыз. Егер адам көшбасшыны көріп, ол туралы барлығын білсе, онда ол аурасын жоғалтып, құпиялығынан, беделінен айырылады. 74. Өз уақытыңызды ұйымдастыра біліңіз. Дұрыс ұйымдастыру маңызды мақсаттарға жеткізеді. 75. Қазіргі өтіп жатқан жағдайларды, жаңалықтарды, жаңа кітаптарды, белгілі бағыттарды оқып, сол жайлы ақпарат алып отырыңыз. Көптеген мықты атқарушылар күніне 5-6 газет оқиды. Бәрін оқу міндет емес, тек керегін оқу. Білім – күш. Сіз кім болсаңыз да, өзіңіздің, қоршаған ортадағы адамдардың өмірін бір ғана идея арқылы өзгерте аласыз. Оны Гейтстен, Биллдан, Эдисоннан өмірінен білуге болады. 76. Өмірлік серікті таңдау арқылы өміріңіздегі ең басты шешімді жасайсыз. Неке сізге бақыттың, жетістіктің, қолдаудың 90% береді. Сондықтан бұл таңдауға ақылмен қараңыз. 77. Ешқашан ешкіммен жеке тұлғаңыздың дамуына қатысты мәселені талқыламаңыз. Сіздің ақылыңыздың және рухыңыздың даму стратегиясы сізге ғана тән. 78. Апталық кестеңізге босаңсу уақытын енгізіп, оны қатал түрде қадағалаңыз. Ой сараптау, босаңсу, қуаттану үшін бұл уақыт міндетті түрде бөліну керек. 79. 83% сезімді көз арқылы қабылдаймыз. Бір нәрсеге зейін салу үшін көзді жұмса, алаңдататын нәрселер ғайып болады. 80. Өз қалауларыңыздың қожайыны және ар-намысыңыздың қызметшісі болыңыз. 81. Күн сайын шомылатын жақсы әдетті қалыптастырыңыз. Бұл сіздің денсаулығыңызды жақсартып, босаңсытып, күні бойы жақсы кейіпте жүруіңізді қамтамасыз етеді. Сау денеде, сау рух болатынын ұмытпаңыз. 82. Бүгіні жақсы адамдар, ертеңгі бақытымен өздерін қамтамасыз етеді. 83. Өз уақытыңызды табысты басқарудың құпиясы – жоспарланған нәрсені жоспарланған уақытта істеу. Сонда ғана қалаған нәрсеңізге жетесіз, сонда ғана маңызды істерге деген уақыт артылады. 84. Елестетудің жақсы техникасы: алаңдатқан нәрсені көз алдыңызға елестетіп, бір парақ қағазға салыңыз. Сосын ол қағазды жағып жіберіп, қалай жанатынын бақылаңыз. Сізді алаңдататын нәрсе, отта жанып кетеді. Атақты Брюс Ли, осы әдісті қолданатын. 85. Мәселелеріңізді сегментке бөліңіз. Мәселелерді шешу үшін уақыт бөліп, тиімді жоспарды ойластырыңыз. Осны істеп, бұл мәселеге қайтадан оралмаңыз. Адамның ақылы – қызық болмыс, ұмытқымыз келген нәрсені, ұмыта алмаймыз, есте сақтағымыз келгенді сақтай алмаймыз. Алайда, ақыл бұлшықетке ұқсас, жаттықтырған сайын, берік бола түседі. Ақылыңызды өз қызметшіңізге айналдырыңыз. Оған тек жақсы тамақ пен ақпаратты беріңіз. Сонда ақыл сізге жақсы қызмет етеді. 86. Ең жоғарғы деңгейдегі атқарушылар босаңсу кейпінде болса да, олардың ақылы әр кез жұмыс істейді. 87. Ақылдың жоғарғы деңгейіне жету үшін сіздің денеңіз босаңсу күйінде болу керек. Дене мен рух арасында байланыс болатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Денеңізді босаңсытыңыз, сонда ақылыңыз да босаңсиды. 88. Қаржылық жоспарды бірнеше жыл алға жасап, оны іске асырыңыз. Егер қажеттілік болса, маманнан кеңес алыңыз. Дұрыс қаржылық стратегия өте оңай: тапқан қаражатыңыздың 10% жинаңыз. Егер сіз 200 доллардан 15% үстемемен 30 жыл жинайтын болсаңыз, онда сізде 1,4 миллиард доллар болады. Берік қаржылық жағдай жеке бастың еркіндігін сыйлайды. 89. Оқырмандар әр кез көшбасшылар. Билл Клинтон Оксфорд университетінде болған аз уақытта 300 кітап оқып үлгерген. Кейбір адамдар күніне бір кітап оқиды. Ақпаратты іздеңіз. Көп білген сайын, үрей де азаяды. 90. Таңертең оянғанда, кешке ұйықтарда шабыттандыратын, жақсы кітап оқуды әдетке айналдырыңыз. Жақын арада оның пайдасын көретін боласыз, өйткені бұл ойлар сізді күні бойы қолдап жүреді. 91. Өз алдыңызға харизмалық, динамикалық тұлғаға айналамын деген мақсат қойыңыз. Бұны істеу әрқайсысымыздың қолымыздан келеді, бірақ өте сирек істейміз. Джон Кеннеди жас кезінде көп ауырған, бірақ барлық кедергілермен күресе білудің арқасында ол АҚШ-тың ең харизмалық және тартымды көшбасшысына айналды. Майда-шүйдеден бастаңыз. Дейл Карнегидің курстарын тыңдаңыз. Кітапханаға барып, сөйлесу өнеріне, жеке бастың дамуына байланысты кітаптарды оқыңыздар. Сіз одан ләззат алып, достар мен әріптестеріңіздің берік ортасын қалайсыз. 92. Қытайдың мынадай мақалы бар: «Ақылды адаммен бір рет әңгімелесу, бір кітапты бір ай зерттегенмен бірдей». Даналарды іздеп, олардан үйреніңіз. Олар білгенін үйрету үшін біздің назарды күтеді. 93. Лао Цзы ұлы тұлғаның үш қасиетін ерекшелеген: «бірінші – сыпайылық; екінші – ұқыптылық; үшінші – өзін өзгенің алдына қойдырмайтын қарапайымдылық. Сыпайы болыңыз – сонда сіз ержүрек боласыз; ұқыпты болыңыз – сонда сіз либералды бола аласыз; өзіңізді басқалардың алдына қоюдан қашыңыз – сонда сіз нағыз көшбасшы боласыз». 94. «Сіз екі бірдей бағалы бағыттың қайсысын таңдарын білмесеңіз, қауіптірегін таңдаңыз», - деп У. Дж. Смит айтқан болатын. Қауіп-қатерді ешкім өзгерте алмайды, бірақ орыннан қозғалмағанша, онымен бетпе-бет күрескен жақсы. Ақылға сай тәуекел етіңіз, сонда армандамаған табысқа жетеміз. 95. Жолдасыңыздың басты тірегіне айналыңыз. Оның арманын және сенімін қолдаңыз. Екі солдаттан құралған әскер сияқты өмірді бірге кешіңіз. 96. Сізге шабыт, мотивация сыйлайтын, сіздің мақсаттарыңызға қолдау және талпыныс бере алатын үш адамды еске түсіріңіз. Олардың әр қайсысымен кездесу ұйымдастырыңыз. Оларды мұқият тыңдап, олармен бірге ойлаңыз. 97. Әр күніңізді өнер туындысына айналдырыңыз. 98. Сіздің баға жетпес қайраттылығыңыз бір тиынға қажеті жоқ қызметтерге жұмсалуы мүмкін. Сіздің ақылыңыздың өз иелігінде 1000 ватт бар деп ойлаңыз. Әркез жұмыс істеп жатқан жобадан тыс нәрселерге назарыңызды бұрғанда, яғни алаңдататын мәселелеріңіз жайлы ойлағанда 100 ватт жоғалтасыз. Жақын арада сізде қайраттылық көзі бітеді. Ақылдың табиғаты сондай. Оны бақылаңыз, сонда ұлы істердің қалай істелетінін көресіз. Өзіңізді мықты күш иесі сезініп, қиын мәселелер оңай шешімін табады. 99. «Әрекетті ексеңіз, әдетті орасыз. Сіз әдетті ексеңіз, мінез-құлықты орасыз. Ал сіз мінез-құлықты ексеңіз, тағдырды орасыз». Адамның мәні оның мінез-құлқында, сондықтан сіздің мінезіңіз бірегей, дақ түспеген, мықты болу керек. Өзіңізге сенімсіз болсаңыз, уәде бермеңіз. Тек шындықты айтып, сөзді желге ұшырмаңыз. Қарапайым, тік мінезді, сабырлы болыңыз. 100. Табиғаттың басты заңдылығын ұмытпаңыз: жақсылық жамандықты жеңеді. 101. Талапты ақыл – бұл мереке. Барға қанағат етіңіз. 102. Әр күн сайын жаңа дос немесе таныс табыңыз. Бай қарым-қатынас – толық, бай өмірдің ДНҚ-сы. 103. Ескі үнділік мақалды ұмытпаңыз: «Егер сіз өз ақылыңыздың иесі болсаңыз, онда бүкіл Әлемнің де иесі боласыз». 104. Материалды құндылықтарға емес, бақыттың күйіне зор мән беріңіз. 105. Көпшіліктің ойы бойынша есеңгіреу жаман емес нәрсе. Ол бізге өз қабілетімізге сай әрекет жасауға, біздің ағзамыздағы химиялық элементтердің ағынын босатуға көмектеседі. Есеңгіреуден шыға алмау ғана зиян әкеледі. Есеңгіреу кезеңін босаңсу және дем алыс кезеңімен байланыстыру қажет. Осының барлығын дұрыс ойлаумен және ақылдың тынығуымен үйлестіру керек – сонда нағыз бақытқа және ұзақ өмірге қол жеткізе аламыз. 106. Күн сайын ақыл дем алысына кетуді үйреніңіз. Оның марапаты өте үлкен. 107. Дем алыс сияқты өзгерістер де өте пайдалы. Маңызды болсын, кішігірім өзгерістер болсын. 108. Бақыт жайлы 10 нәрсені үйреніңіз: 1. Өнімді, қызықты, белсенді өмір сүріңіз 2. Әр минут сайын мазмұнды қызметпен айналысыңыз 3. Аласапыранға орын жоқ болатындай, ұйымдастырылған, жоспарланған тұрмыс салтын ұстаныңыз 4. Өз алдыңызға нақты мақсат қоя біліңіз 5. Дұрыс. Жақсы ойлаңыз – бұрыс ойларға жол беруге болмайды 6. Қажетсіз майда-шүйде нәрсеге бола алаңдамаңыз 7. Ойын-сауыққа уақыт бөліңіз 8. Өзіңізді жылы, қарым-қатынасты сүйетін тұлғаға айналдырыңыз 9. Алу емес, беруді үйреніңіз 10. Осы шақпен өмір сүріңіз. Өткен шақ қайтадан келмейді 109. Қарапайымдылыққа ұмтылып, қарапайым өмір сүріңіз. 110. Чарльз Ван Дореннің «Білімнің тарихы» атты еңбегін оқыңыз. Бұл кітапта бүкіл әлемдік идеялар көрсетілген, байлықтың бүкіл білімі бар. 111. Уильям А. Коэнның «Көшбасшы өнері» атты кітабын оқыңыздар. Ол шабыт сыйлайды және тәжірибелік кеңес береді. 112. Біз харизма деп атайтын, ұстатпайтын қасиетті тудырыңыз. Харизмалық көшбасшының қасиеттері мынандай: өз ісіңізге адал болыңыз жеңімпаз сияқты көрініңіз, жеңімпаз ретінде әрекет етіңіз асқақ арман иесі болыңыз, жұлдыздарға талпыныңыз өз мақсаттарыңызға жетуде табандылық көрсетіңіз кез-келген тапсырманы орындауға дайын болыңыз және оны жүзеге асыруда табандылық танытыңыз өзіңізді құпиялықпен ораңыз басқа адамдарға зейін салыңыз және жақсы ниет танытыңыз мысқыл сезім иесі болыңыз өз мінез-құлқыңыздың күшімен белгілі болыңыз қауырт кезеңдерде өзіңізді әдемі ұстаңыз (Джон Кеннеди айтқан еді, «орта менеджер мен нағыз көшбасшыны алшақтатып, ұстатпайтын жарты қадам – бұл ауыр кезеңде өзін әдемі ұстауы») 113. Жұмыста, махаббатта және өмірде мықты және әділетті болыңыз. 114. Тыңдаған сәтте сөйлемеңіз. Сөйлеп жатқан кісінің сөзін бөлу – тәрбиесіздік. Зейін салып тыңдаңыз. Өте көп нәрсеге жетесіз, өте көп адам сізден кеңес алуды мақсат етеді. 115. Аристотель айтқан: «Кез-келген адам ашулана алады – бұл өте оңай; бірақ дұрыс адамға, дұрыс дәрежеде, дұрыс уақытта, дұрыс мақсатпен, дұрыс әдіспен ренжу оңай емес және ол әркімнің бойындағы қасиет те емес». 116. Білім – күш. Өмірде табысқа жеткен адамдарды білімге ұмтылушылық пен көксеу алшақтатады. Адам көп білген сайын, көп нәрсеге жетеді. 117. Барлық сұраққа жауапты кітаптан алуға болады. Ең жоғарғы әлеуетке жету үшін әр күн сайын оқыңыз. Өз мақсатыңызды анықтап, қажет ақпаратты ғана оқыңыз. Барлығын оқуға тырыспаңыз. Таңды газет оқудан бастаңыз. Сіз оқыған дүние әр түрлі болуын қадағалаңыз. Кітаптар – сіздерді шабыттандырсын. 118. Таңғы аспен бірге кездесу ұйымдастыруды әдетке айналдырыңыз. Досыңызбен, әріптесіңізбен бірге ас ішу – күнді бастаудың оңтайлы әдісі. 119. Үйіңіз жарық болуды және онда бассейн болуды қадағалаңыз. Сіздің қолыңыз босамаса да, сіз бассейн арқылы шыныға аласыз. 120. Аристотель айтқан: «Кемелдену – бұл әдеттерді жасап шығару мен жаттықтыру арқылы жететін өнер. Кемелдену – әрекет емес, әдет». 121. «Бүгін – ертеңгі оқушы», – деген Бенджамин Франклин. 122. Егер сіздердің алдыңызда жол таңдау керек болса, өрескелін таңдаңыз. Әбден ойланған тәуекел таңғажайып нәтиже әкеледі. 123. Әр күн өз-өзіңізді сараптаңыз, терең оқуға үңіліңіз және жай ғана босаңсыңыз. 124. Жерде адам жеткен жетістікке, сіз де дұрыс икемдену, табандылық және ықылас көмегімен жете аласыз. 125. Жақсы өлеңдерді жаттап алу әдетін тудырыңыз. Бұл сіздің зияткерлік қызметіңізді көтереді, есте сақтау қабілетін жақсартады. 126. Сіздің сөздеріңіз жұмсақ, ал дәлеліңіз қатал болу керек. 127. Майда-шүйделерге бола алаңдауды доғарыңыз. Кішкентай сәтсіздіктер үшін күле біліңіз. Бұл тәжірибелік әдіс сізді негативті әдеттерден сақтайды. 128. Басқалардан көп жұмыс істейтін адам ретінде белгілі болыңыз. Өзіне көп шаруа алып, табысты орындайтын адам ретінде көрініңіз. Елді аузына қарататын жарық жұлдыз болыңыз. 129. Ұжымда жұмыс істей біліңіз. Жаңа достарды табыңыз. Сіздің жолыңызда кездескен әрбір адамға ең маңызды адам ретінде қараңыз. Сізді үлкен табыстар күтуде. 130. Сіз бір нәрсе іздесеңіз, міндетті түрде оны табасыз. Егер сіз тек табысты күтсеңіз, онда оған жетесіз. Шыңға шыққан атқарушылар табысты тартады. Өз қалауларыңызға қайта-қайта оралыңыз, ол міндетті түрде жүзеге асады. 131. Өзіңізде таңдану сезімін жетілдіріңіз. Зерттеуші болыңыз. Басқалары жай қарай салатын нәрсе үшін таңғала біліңіз. Азғантай демалыс алып, өз жаныңыздың, тәніңізді, ақылыңызды қадағалаңыз. Бұл сіздің өміріңіздің сапасын жақсартады. 132. Өз жақындарыңызды ұмытпау үшін оларды қамқорлық ретінде туған күндеріне ашық зат жіберіп тұрыңыз. Біздің бәріміз жұмыс бастымыз, алайда 5 минутты сол сияқты нәрселерге арнасаңыз, ол сізге қайтады. 133. Адамдардың аттарын жаттап, оларға атымен шақырыңыз. Өз атын есту – ең ұнамды музыка. 134. Жарты сағатқа далаға шығып, көк аспанға қараңыз. Табиғатпен байланысқа түсіңіз. 135. Бірнеше аптада бір рет үйде сағатыңызды қалдырып кетіңіз. Сағат біздің іс-әрекетімізді басқара бастайды. Бұл күні өзіңіз қалаған нәрсені істеңіз. 136. Жұмыста күле біліңіз, көп нәрсеге жеткен жағымды адам ретінде көрініңіз. 137. Идея діл бейнесін тудырады. Ол өз кезегінде діл әдетін жасап шығарады, соңы діл мінез-құлық сипатын жетілдіреді. Өз өміріңіздің қожайынына айналыңыз – сонда тағдырыңыздың қожайынына айналасыз. 138. Жағымсыздыққа қарсы ойлау күшіне ие болыңыз. Бұл қарапайым әдіс жағымсыз ойды ұнамды ойға айналдырады. 139. Өз-өзіңізді сараптау үшін ұйықтар алдында 10 минут бөліңіз. Бүгін істеген жақсы, жаман нәрселер туралы ойланыңыз, жетілу үшін не істеу керектігін, не өзгерту керек, соның барлығын сараптаңыз. 140. Ең тиімді оятар сіздің ойыңызда. Егер сенбесеңіз: ұйықтар алдында ыңғайлы креслода 10 минут отырыңыз көзіңізді жұмып және қолыңызды тізеңізге қойыңыз бірнеше минут терең дем алыңыз (5 дегенде ауаны ішке жұтыңыз, 10 дегенде дем шығарыңыз) мынаны 20 рет қайталаңыз: «Мен қалаған уақытымда оянамын, сергек боламын және көңіл-күйім жақсы болады». Енді мұны көз алдыңызға елестетіңіз. Бірнеше жаттығудан кейін керек нәтижеге жетесіз 141. Джордж Бернард Шоу айтқан: «Кейбір адамдар нәрсені тура солай көріп, «Неліктен?» деп сұрақ қояды». Ал мен «Неліктен олай болмасқа?» деп сұрақ қоямын. 142. Медитация сапасын жақсарту үшін: медитациямен әр күн сайын айналысыңыз, бір уақытта, бір жерде медитацияға арналған ең жақсы уақыт – таңғы уақыт бастамас бұрын ақылыңызға сабырлы болуын айтыңыз, мен сияқты «Мен қазір өте сабырлы боламын және назарымды шоғырландыра аламын» басында 10 минут медитация өткізіңіз, кейін уақыт қоса бересіз 143. Жаңа достық байланыс орнатыңыз. Бұл қарым-қатынастар табысты және сау өмір сүру үшін қажет. 144. Майл Дэвистің «Kind Of Blue» дискін сатып алыңыз. Бұл өлең рухани қажеттілікті толтырады. 145. Күніне 10 стакан су ішіңіз. Су – бүкіл ағзаны тазартады, тірілтеді. Сорпаны көптеп ішіңіздер, сонымен қатар күріш, картоп және паста жеңіздер. 146. Өз бойыңызда нақтылықты тәрбиелеңіз. Табысқа жетудегі ең керек құрал. 147. Телефон сіздің ыңғайыңыз үшін керек, егер қолыңыз тимесе, жауап қатпай, қажет кезде қайта қоңырау шалыңыз. Бастысы – бағалы уақытты ұқыпты ұстау. 148. Күніңізді жақсы бастаңыз. Төсектен тұрар алдында дұға тілеңіз, келе жатқан күнге разылық білдіріңіз. Өмір табыстылығының кілті – бұл соңғы күн сияқты өмір кешу. 149. Әріптесіңізге сеніңіз. Маңызды мәселені жақыныңызбен бөліскен дұрыс. 150. Өзіңізді ілгері жылжуға мәжбүрлеп, әр күн жаңа мақсаттарға жетіңіз. Өз әлсіздіктеріңізбен күресе біліңіз. 151. Жоғары нәтижеге жеткен адамдардың барлығы таптырмас ақыл әдеті – оптимизм иелері болған. Оптимизмсыз өмір нәрі кетеді, адам қиыншылққа тап болады. Бұл маңызды әдет. 152. Бүгін сіз сүйсінетін адамдардың ең жақсы жеті қасиетін жазыңыз. Әр таң сайын осы жеті қасиеттің біреуін жүзеге асырыңыз. Бір аптадан кейін өзгергеніңізді байқайсыз. Екі айдан кейін бұл қасиеттер сіздің ажырамас бөлігіңізге айналады. 153. Сіздің таныстарыңыз қанша болса, абыройыңыз да сонша болады. Сізді өзіңіздің мінез-құлқыңыз уайымдату керек. Сіздің мінез-құлқыңыз мықты, берік болғаннан кейін, басқа жағымды нәрселер өз-өзінен келеді. 154. Өзіңізді апельсин деп санаңыз. Сыртқа іштегі ғана нәрсе шыға алады. Егер сіз тыныштық, әлемге деген дұрыс көзқарас, ерлік, біреуге аянышпен қарай алсаңыз, сізді ешқандай жағдай сындыра алмайды. 155. Біздің өмір – мәңгіліктегі қас қағым сәт. Бұл өмірден кеткен кезде, өзімізбен бірге еш нәрсе алып кете алмаймыз. Осыны ұмытпаңыз. Егер сіз өзіңізді емес, өзгені де ойлап, оларға көмектесе алсаңыз, ол үшін марапатталасыз. 156. Жұмыста жаналық табушы ретінде белгілі болыңыз. Келесі аптада бастығыңызға, жұмыс тиімділігін жақсартатын 10 ұсынысты көрсетіңіз. Кез-келген мәселені шешуге дайын идеяға толы адам ретінде белгілі болыңыз. 157. Өз-өзіңізге күле біліңіз. 158. Ақылыңыздың терезесін ашық ұстаңыз. 159. Бір күнді "мен" деп айтпай өткізіп көріңіз. Назарды басқаларға салыңыз. Өзгелерді таңдаңыз - таңғаларлық көп нәрселер естисіз, көп достарға кенелесіз. 160. Бір күнде бір сағатты тыныштықта өткізіңіз, тек тікелей сұрақтарға жауап беріңіз. Біз нәрселерді бірнеше рет қайталап, талқыға саламыз. Бұл әдіс тиімді қатынас үшін тілдің анықтығын, дәлдігін жетілдіреді. 161. Әр күн сайын, сіз ұнатпайтын шаруаларды істеңіз. Кішігірім шаруа болса да, істеңіз! Сол арқылы сіздің жігеріңіз қатаяды, ал онымен бірге өнімділігіңіз де жоғарылайды. 162. Шынайы бақыттың бір ғана қайнар көзі бар: жеке болсын, кәсіби болсын, алға қойған мақсаттарға жету. Үлкен марапаты жоқ, тек босаңсу сыйлайтын қызметке кеткен уақыт, мәңгіге ғайып болған уақыт. Босаңсу керек, алайда жаңартудың тиімді әдістерін таңдап, уақытты өнімді қызметке арнаңыз. Бақыт ұйықтаудан емес, әрекеттен келеді. 163. Наполеон кездескен адамдардың атын жаттап қалу қабілетімен ерекшеленген. Оның құпиясы, ол танысқанда: "Кешіріңіз, есіміңізді ұмытып қалдым", - деп айтуында. Сөйтіп, ішінен бірнеше рет қайталап, есте сақтап қалатын. Егер ол адамның есімі қиын болса, жазылуын сұрайтын. 164. Қытай даналары негізгі өмірлік қағиданы ұстанатын: сыпайылық және тұтастық арқылы өзіңізде іркілмес ақылды тәрбиелеңіз. Бұл қасиеттерді шығару үшін бар күшіңізді аямаңыз. 165. Санаңызды жаман ойлар қармағанда, алдымен оны түсініп және одан біржола құтылуды қалау керексіз. Жаман ойлар келгенде, өзіңізді шымшып былай айтыңыз: "Мен мықтымын және жаман ойлар кетіп қалды". 166. Жеке бас өсуі үшін жанұялық және жұмыс кестесінен алынған уақыт, ешқашан зая кетпейді. Қарапайым өмірдің қуаныштарына уақыт бөлмеу және сол арқылы өзіңіздің күніңізге тепе-теңдік әкелесіз. Сіз қалған уақытыңызды өнімді және тиімді етесіз. 167. Көп оқып, көп біліңіз. Көп күліп, көбірек жақсы көріңіз. 168. Алты ай ішінде қарым-қатынасты жақсартқыңыз келетін 5 адамның тізімін жасаңыз. Олардың атын және қасына не үшін жақсартуды қалайсыз, қалай оны жоспарлаудасыз, қандай уақытта жүзеге асыратыныңызды жазыңыз. 169. Дұғаның қандай күшке ие екендігін ұмытпаңыз. 170. Сіздің жеке бас өсуіңізге арналған тамаша инвестиция – Норман Винсент Пильдің "Дұрыс ойлаудың күші" атты аудиокассеталары. Ондағы әдістер өнімді, бақытты, табысты өмірді қамтамасыз етеді. 171. Қалта күнделік сатып алыңыз, ол кездесулер мен шаруаларды есіңізге түсіреді. 172. Комиссиялық кітап дүкендеріне барып тұрыңыз. Ол жерден мінез-құлықты жөнге салу жайлы кітаптар іздеңіз. Көптеген бағалы кітаптарды арзан ала аласыздар. 173. Клод Бристольдың "Сенім сыйқыры" атты кітабын оқыңыз. Ол сіздің ақылыңыздағы серпінді күштерді босатуға мүмкіндік береді. 174. Барлық адамдар сізді салқын қанды, жылы жүректі және тамаша мінезді адам ретінде білсін. 175. Біреуге көмек көрсету – діннің жоғарғы түрі. Әр аптада 168 сағат бар, соның бірнешеуін басқаларға қызмет ету үшін бөліңіз. 176. Үйіңізді қанық түсті гүлге толтырыңыз. Әдемі әуендер, шаттық күлкі, қуаныш – сіздің үйіңіздің оазисін толтырсын. 177. Көршілеріңізбен тату болыңыз. Олар сіздің өміріңізді жақсартады, сізге әр кез көмекке келетін жандар. 178. Мантра және ұнамды сөздерді қайталау күшін түсініңіз. 179. Деміңіз мықты және біркелкі болса, ақылыңыз да біркелкі және тыныш болады. 180. Тыныш жерге отырып, жер бетінде жалғызбын деп санаңыз. Кімге қоңырау шаласыз? Не айтасыз, не істейсіз? Бұл сұрақтар не істеу керектігін анықтап береді. 181. Мықты мінездің келесі сипатын зерттеңіз: ой мен сөздің анықтығы, дәлдігі мәнердің көркемдігі және нәзіктігі өзіндік сараптама әдеті мен күші жеке бас өсуі өз мақсаттары мен армандарына жете алу қабілеті 182. Л. Ф. Фелан айтты: "Жастық шақ – өмірдің кезеңі емес, ақылдың жай-күйі. Жылдар теріні құртады, ал құлшыныстан бас тарту жан-дүниені құртады... Сіздің үрей, күмән, жабығуларыңыз қаншалықты көп болса, соншалықты кәрісіз. Сіз жас болып қалғыңыз келсе, сіздің сеніміңіз, өзіңізге деген сенімділігіңіз, үмітіңіз жас болу керек". 183. Жақсы денсаулық иесі болу үшін шығыс медицинасын және әдістемелерін үйреніңіз. 184. Сіздің өміріңіздің басты басымдығына уақыт ұйымдастырып үйреніңіз. 185. Өміріңіздің шапшаңдығын баяулатыңыз. Не нәрсе, шынымен, маңызды деген сұраққа жауап іздеңіз. Табиғи тыныштықты сыйлайтын шараларды ұйымдастырыңыз. 186. Бір күн ішінде тек жеміс-жидек жеп, сүт ішіңіз. Аш болу – Шығыстың мықты және табысты стратегиясы, она қазіргі таңда миллиондаған адамдар қолданады. 187. Жарыңыздын күлкісін бағалаңыз, оның суретін жұмыс үстеліне қойыңыз. Ол күн ішінде сізге шабыт сыйлайды және ұнамды ойларға себепші болады. 188. Егер сіз үйленген болсаңыз, өзіңіз және жарыңыздың аты-жөнін сақинаға ойып жазыңыз. Бұл жоғалтып алған жағдайда да, ұрпақтан ұрпаққа беру үшін де пайдалы. 189. Ақыл бақша сияқты не ексең, соны орасың. Оған бар жақсыны сыйлау керек, сонда ғана жемісін жейсіздер. 190. Күніне 100 рет отырып-тұрыңыз, бұл әдетті бұзбаңыз. 191. Ең шынайы, өтірік айтпайтын адам болыңыз. Басқалардың сеніміне лайықты болу керек. 192. Өз қалауларыңызды басыңыз – өз жігеріңізді күшейтесіз. 193. Егер бүгін сіз күлмесеңіз, онда бүгін өмір сүрмедіңіз. Көп және қатты күліңіз. Уильям Джеймс айтқандай: "Біз бақытты болғанымыз үшін күлмейміз, күлгеніміз үшін бақыттымыз". 194. Роберт Ричардсон және Катарина Тайердің "Харизма факторы. Табиғи көшбасшылық қасиеттерін қалай жетілдіруге болады" атты кітабын оқыңыз. 195. Жиі саяхаттаңыз. Біз қажетті деп санайтын нәрсені бағалауға жақсы мүмкіндік береді. 196. Спортпен шұғылдануға байланысты әр ай сайын мақсат қойыңыз. Мысалы, шілде айында жүзіп үйрену немесе қаңтарда шаңғы теуіп үйрену. 197. Барлығы екі рет жасалады: алдымен ойда, сосын шынайы өмірде. Сондықтан жоспарды алдымен ойда жасап алу керек. 198. Жұмысқа жаяу барыңыз, табиғаттың әсемдігін тамашалаңыз. 199. Аз ұйықтап, көп істеңіз. Ұзақ өмір сүріп, ұлы адам болыңыз. 200. Бұл кітапты қайта-қайта оқып, басқалармен бөлісіңіз! |